”БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ АТА-АНА"
14 қыркүйекте "Мейірбике" жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында "Маңғыстау Руханият" қоғамдық қорының мұрындық болуымен колледж əкімшілігінің қолдауымен Отбасы күніне орай "Баланың бас ұстазы - ата ана" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға Ақтау қаласы əкімдігінің аналар кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі Райса Маденова, Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау әмбебап кітапханасының бөлім басшысы Гүлшат Сәрсенбаева, Германиядағы Кеңес əскерінің тобы жəне Варшава келісім шарты əскерлерінің тобы республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының мүшелері Жүсіп Мырзағали мен Узақ Дүсенбай жəне колледж студенттері мен ұстаздары қатысты. Жиында ұлағатты рухани бағыттағы əңгімелер айтылды. Ұстаз Райса Иванқызы өзінің өнегелі өмір жолын жастарға жан жақты таныстырды. Гүлшат Сәрсенбаева да атақты жазушы Зейнеп Ахметованың кітаптарындағы ұлағатты тұстарын ортаға салды. Ардагер ағалар да өздерінің тағдыр жолын айтып өтті. Жиын барысында жастар өздерінің сауалдарын қойып тұщымды жауаптарын алды. Жиынды ұйым төрағасы Аллаберген Қонарбаев жүргізіп отырды. Шара аясында отбасыға қатысты белгілі жазушылардың шығармалары қойылған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Шара жоғары дәрежеде өтті. #отбасымбайлығым #отбасықұндылықтары #кітапоқудыңпайдасы #отбасыжәнекітапхана
Облыстық кітапханасында батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Менің атым – Махамбет» тарихи-танымдық сағаты өтті. ...
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі ...
28 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында "Қыз көктемнің жүрегі" атты кітаптың авторы ақын Ақшагүл Рамазанованың ...
2-сәуір күні «Бір ел – бір кітап» атты республикалық акциясы аясында облыстық кітапханасының өнер бөлімінде жазушы шығармаларынан «Өнерлі жастар ...
22 сәуір күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінің ұйымдастыруымен ALIYA TUMAN сән үйінің басшысы, ұйымдастырушысы, алғашқы ой елегін өткізіп, ...
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда ...
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні - жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін мереке. Бұл сонымен қатар жұмыста қайтыс болған немесе жарақат алған ...
23-сәуір - Бүкіләлемдік кітап күніне орай облыстық кітапханада "КІТАПХАНА ТҮНІ" - 2023 мерекелік іс-шара өткізілді. Шараға қала тұрғындары мен ...
12-сәуір күні облыстық кітапханада "Мағжанмен бір жыл" жобасы аясында «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының орталықтандырылған ...
Бір ғасырды бір ғасыр алмастырып, жаңа тарих туса да сол тарихты жасаған тұлғалардың есімдері асқақтап, ұлықтала бермек. Осындай тарихи тұлғалардың ...